|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 20-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «20-бап. Сот талқылауы барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету»; 22, 25 және 91-2-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «22-бап. Сот актілеріне шағым жасау бостандығы»; «25-бап. Дауларды төреліктің немесе аралық соттың шешуіне, сондай-ақ медиация тәртібімен шешуге беру»; «91-2-бап. Маманның немесе сарапшының тірі адамнан үлгiлердi алуы»; мынадай мазмұндағы 105-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «105-1-бап. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру»; 111-баптың тақырыбындағы «шығындарды» деген сөз «шығыстарды» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 13-1-тараудың және 149-1, 149-2, 149-3 және 149-4-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «13-1-тарау. Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау 149-1-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібі 149-2-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер 149-3-бап. Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау ерекшеліктері 149-4-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын іс бойынша шешім»; 160-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «160-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау»; мынадай мазмұндағы 16-1-тараудың және 173-1, 173-2, 173-3, 173-4 және 173-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «16-1-тарау. Татуласу келісімі 173-1-бап. Тараптардың татуласуы 173-2-бап. Татуласу келісімін жасасу 173-3-бап. Татуласу келісімінің нысаны мен мазмұны 173-4-бап. Соттың татуласу келісімін бекітуі 173-5-бап. Татуласу келісімін орындау»; 177-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «177-бап. Сот талқылауының тікелей және ауызша жүргізілуі»; 222-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «222-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және лауазымды адамдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы шешім»; 229-баптың тақырыбы алып тасталсын; 240-3-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «240-3-бап. Апелляциялық, кассациялық сатылардағы немесе қадағалау сатысындағы соттың сот актісінің орындалуын бұру туралы мәселенi шешу»; мынадай мазмұндағы 257-1 және 258-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «257-1-бап. Сот отырысын аудио- немесе бейнежазу құралдарымен тіркеп жазу (аудио-, бейнехаттама)»; «258-1-бап. Сот отырысының аудио- немесе бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертпелер»; 383-6, 385 және 395-1-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «383-6-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қайтару»; «385-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне өтінішхат беруге, ұсыну енгізуге және наразылық келтіруге құқығы бар адамдар»; «395-1-бап. Сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатқа, ұсынуға немесе наразылыққа пікір»; 403-1 және 403-2-баптардың тақырыптары алып тасталсын; 2) 6-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады.»; 3) 14-баптың екінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындық барысында талапкердің өз өкілі талап арыз (арыз) берген тілді білмейтіндігі анықталса, онда сот талапкердің жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.»; «5. Іске қатысатын және сот ісін жүргізу тілін білмейтін адам істен алып беру туралы жазбаша түрде мәлімдеген сот актілері оған ана тіліне немесе ол білетін басқа тілге аударылып табыс етіледі.»; 4) 15-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тараптар азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында өзiнiң ұстанымын, оны қорғаудың тәсілдері мен құралдарын дербес және сотқа, іске қатысатын басқа да адамдарға тәуелсiз таңдайды. Сот істің нақты мән-жайларын анықтау мақсатында өз бастамасымен дәлелдемелер жинаудан толық босатылған, алайда тараптың уәжді өтінішхаты бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдем көрсетеді.»; 5) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын: «20-бап. Сот талқылауы барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету Істің сотта талқылануы соттың қалыпты жұмысын және сот отырысы залында қатысып отырған адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда өтуге тиіс. Сот приставтары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жеке басты куәландыратын құжаттарды тексеруді, адамдардың жеке басын жете тексеруді және олар сот отырысы залына алып кіретін заттарды жете тексеруді жүргізеді.»; 6) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын: «22-бап. Сот актілеріне шағым жасау бостандығы 1. Сот актілеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. 2. Іске қатысатын адамдардың сот актісін осы Кодексте белгіленген тәртіппен жоғары тұрған сотқа қайта қаратуға құқығы бар.»; 7) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын: «25-бап. Дауларды төреліктің немесе аралық соттың шешуіне, сондай-ақ медиация тәртібімен шешуге беру Сотқа ведомстволық бағынысты, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дау, бұған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған кезде және осы Кодекстің 170-бабының 4) тармақшасына және 192-бабына сәйкес, тараптардың келісуі бойынша медиация тәртібімен шешілуі немесе төреліктің немесе аралық соттың қарауына берілуі мүмкін.»; 8) 30-бапта: бірінші және 1-3-бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар тараптары заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар жөнiндегi, корпоративтік даулар жөніндегі азаматтық iстердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы азаматтық істерді қарайды. Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қоспағанда, көрсетілген азаматтық істер бойынша талап талапкер шартта не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтаған кезде қойылуы мүмкін.»; «1-3. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес баланың тұрғылықты жерін және баламен қарым-қатынас тәртібін анықтау туралы; ата-ана құқықтарынан айыру (құқықтарын шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап алу туралы; бала асырап алудың күшін жою туралы; кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режиммен ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы даулар бойынша; кәмелетке толмағандарға қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарайды.»; 1-4-бөлік алып тасталсын; ескерту мынадай редакцияда жазылсын: «Ескертулер. 1. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істерді кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша аудандық және оған теңестірілген сот қарауы мүмкін. 2. Істі аудандық және оған теңестірілген сотқа қарату туралы өтінішхат істі сот талқылауына тағайындағанға дейін беріле алады.»; 9) 32-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «8. Қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартудан, ешқайда кетпеу туралы қолхат, үйқамақ немесе қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан бұзылған мүліктік және мүліктік емес құқықтарды қалпына келтіру туралы талаптар талапкердің тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін.»; 10) 35-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге қойылатын талап талапкердің таңдауы бойынша жауапкерлердің біреуінің тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша қойылады.»; 11) 36-бапта: екінші бөліктің 3) тармақшасындағы «анықталса;» деген сөз «анықталса, сот істі басқа соттың қарауына береді.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Істің осы соттың соттылығына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын осы сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарылады. Істің соттылыққа жатпайтыны туралы тараптың (тараптардың) арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы сот ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды. Істі бір соттан басқа сотқа беру - осы ұйғарымға шағым жасау мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берілген жағдайда шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізіледі.»; мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын: «3-1. Осы баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, істің аудандық және оған теңестірілген сотқа соттылығын апелляциялық сатыдағы сот айқындайды.»; төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «4. Соттардың арасындағы соттылық туралы дауларды апелляциялық сатыдағы сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.»; 12) 37-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Iстердi кассациялық сатыдағы сотта қарауды осы алқа судьяларының саны тақ (кемінде үш) алқалы құрамы тиісті облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының не облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының тапсыруы бойынша кассациялық саты судьясының төрағалық етуімен жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасында істерді қарауды осы алқа судьяларының саны тақ (кемінде бес) алқалы құрамы көрсетілген алқа төрағасының немесе оның тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының бірінің төрағалық етуімен жүзеге асырады.»; 1-тармақтың 13) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 13) 39-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «6. Істі қадағалау сатысындағы сотта қарауға қатысқан судья осы Кодекстің 386-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда осы істі қарауға қатыса алмайды.»; 14) 41-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кодекстің 40-бабы бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қарсылық білдіру үшін негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына да қолданылады.»; 15) 47-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «3. Іске қатысатын адамдар сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында өтініш жолдауға құқылы.»; 16) 49-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Талапкер талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгерту, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайту немесе азайту істі мәні бойынша қарау аяқталғанға дейін жазбаша арыз беру арқылы жүргізіледі. Талап қоюдан бас тартуға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жазбаша арыз беру арқылы жол беріледі. Жауапкер талап қоюды мойындауға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады. Тараптар істі татуласу келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады, оларға тараптар қол қояды және оларды сот бекітеді.»; 17) 57-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін бірінші сатыдағы сот істі мәні бойынша қарауды аяқтағанға дейін өз бастамасы бойынша, іске қатысатын адамдардың бастамасы бойынша, сондай-ақ соттың бастамасы бойынша процеске қатыса алады.»; 18) 59-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) іске қатысатын адамдардың өтінуімен сот рұқсат еткен, жоғары заңгерлік білімі бар басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.»; 19) 62-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі сенімхатпен және заң консультациясы немесе адвокаттар алқасының адвокаттық кеңсесі беретін, ал ол өз қызметін жеке-дара жүзеге асырған кезде - адвокаттар алқасының төралқасы беретін ордермен куәландырылады. Адвокаттың осы Кодекстің 61-бабының бірінші бөлігінде тізбеленген процестік әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттіктері нотариат куәландырған сенімхатпен немесе нотариат куәландырғанға теңестірілген сенімхатпен расталуға тиіс.»; 20) 63-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Әрекетке қабілетсіз азаматтар мен толық әрекет қабілетіне ие емес немесе сот тәртібімен әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, патронат тәрбиешілері немесе оларды алмастыратын басқа да адамдар қорғайды, олар сотқа өздерінің мәртебесі мен өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды ұсынады.»; 21) 66-бапта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тараптар мен іске қатысатын басқа да адамдар бірінші сатыдағы сотқа дәлелдемелерді ұсынады және олар сот талқылауында зерттеледі.»; мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын: «1-1. Тарап талаптардың немесе оларға қарсы қарсылықтардың негізі ретінде сілтеме жасайтын әрбір дәлелдеменің мазмұны осы дәлелдеме зерттелетін сот талқылауы барысында ашылуға тиіс. Адам сот талқылауы барысында ашылған дәлелдемелерге ғана сілтеме жасауға құқылы.»; үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «3. Бірінші сатыдағы сот тараптарға және іске қатысатын басқа да адамдарға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тарапта бар дәлелдемелерді бірінші сатыдағы сотқа ұсынбау осы дәлелдемелерді апелляциялық, кассациялық сатылардағы, қадағалау сатысындағы сотқа ұсыну мүмкіндігін жояды. 4. Тараптар мен іске қатысатын басқа да адамдар үшін дәлелдемелер ұсыну қиын болған жағдайда, бірінші сатыдағы сот олардың өтінішхаты бойынша оларға дәлелдемелерді талап етіп алдыруға жәрдем көрсетеді. Бірінші сатыдағы сот қанағаттандырусыз қалдырған, тарапқа қажетті дәлелдемелерді талап етіп алдыруға жәрдем көрсету туралы өтінішхат апелляциялық сатыдағы сот алдында апелляциялық шағымда немесе сот отырысында мәлімделуі мүмкін.»; 22) 71-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын: «3-1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген сот қаулысында белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның кінәсі осы адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтың азаматтық-құқықтық салдарлары туралы істі қарау кезінде қайтадан дәлелденбейді.»; 23) 91-1-бапта: төртінші бөліктегі «дәрiгердiң немесе басқа», «дәрiгер немесе басқа» деген сөздер алып тасталсын; бесінші бөліктегі «, дәрiгерде», «басқа» деген сөздер алып тасталсын; 24) 91-2-бапта: тақырып, бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «91-2-бап. Маманның немесе сарапшының тірі адамнан үлгiлердi алуы 1. Судья өзiнен үлгілер алынуға тиiс адамды, сондай-ақ тиiстi үлгілерді алу туралы ұйғарымды маманға жiбередi. Ұйғарымда осы процестік әрекетке барлық қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлуге тиiс. 2. Маман судьяның тапсыруы бойынша қажеттi әрекеттердi жүргізеді және сараптамалық зерттеу үшін талап етілетін үлгілердi алады. Yлгiлер қапталады және мөрленеді, содан кейiн маман жасаған ресми құжатпен бiрге судьяға жiберiледi.»; төртінші бөлік алып тасталсын; 25) мынадай мазмұндағы 105-1-баппен толықтырылсын: «105-1-бап. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру Сот жеке тұлға берген тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талап қоюлар бойынша мемлекеттік баж төлеуді сот тиісті шешім қабылдағанға дейін кейінге қалдырады. Сот шешім қабылдау кезінде мемлекеттік баж төлеуге байланысты шығыстарды өз пайдасына шешім шығарылмаған тараптан алып береді.»; 26) 107-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын; 27) 108-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «8. Бір немесе екі тарап шығындарды төлеуден босатылған жағдайда, сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджет есебінен жүргізіледі. Сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»; 28) 109-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.»; 29) 110-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сот өз пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша шеккен барлық сот шығыстарын екінші тараптан алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығындар талапкерге сот қанағаттандырған талап қою талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде, ал жауапкерге - талапкердің талап қою талаптарынан бас тартылған бөлігіне пропорционалды түрде алып беріледі.»; 30) 111-бап мынадай редакцияда жазылсын: «111-бап. Өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу 1. Өз пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот осы тараппен еңбек қатынастарында тұрмайтын, процеске қатысқан өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша ол шеккен шығыстарды оның іс жүзінде шеккен шығындары мөлшерінде екінші тараптан алып береді. Ақшалай талаптар бойынша бұл шығыстар талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс. 2. Егер адвокат тарапқа заң көмегін республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсеткен болса, сот істі қараудың нәтижелерін негізге ала отырып, адвокаттың көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды екінші тараптан республикалық бюджет кірісіне өндіріп береді.»; 31) 113-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Егер тараптар татуласу келісімін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді жасасу кезінде сот шығыстарын бөлу тәртібін көздемеген болса, сот тараптар шеккен сот шығыстарын олардың арасында теңдей бөледі.»; 32) 114-бапта: бірінші бөлік 2) тармақшасындағы «қуынушылар мен жауапкерлер үшiн кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес дауларды қараған жағдайларда тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндетті.» деген сөздер «талапкерлер мен жауапкерлер үшiн кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес дауларды қараған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) ақталғандарға зиянды өтеу туралы дауларды қараған жағдайларда тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндетті.»; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тұлғаның заң көмегіне ақы төлеуден босату туралы және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішхатына заң көмегіне республикалық бюджет қаражатынан ақы төлену құқығын растайтын құжаттар мен басқа да дәлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.»; мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «6. Тарапты адвокаттың заң көмегіне ақы төлеуден босату туралы соттың немесе судьяның ұйғарымы шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.»; 33) 128-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы арыз өзінде процестік әрекет жасалуға тиісті болатын сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі. Сот бұл арызды іске қатысатын адамдардың қатысуымен қарайды, оларға мәселенің қаралу орны мен уақыты туралы хабарланады, алайда олардың келмей қалуы соттың алдына қойылған мәселені шешуге кедергі болып табылмайды.»; 34) 129-бапта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2. Іске қатысатын адамдар, куәлар, сарапшылар, мамандар және аудармашылар да тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат арқылы не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып хабарландырылуы немесе шақырылуы мүмкін.»; мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «5. Егер тарап хабарлаудың оған түспегенін не кеш түскенін дәлелдемесе, тарапты тиісінше хабардар ету - тараптың көрсетілген мекенжай бойынша тұратын отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі алған, тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілген хабарлама, телефонограмма немесе жеделхат, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып, мәтіндік хабарламаның жеткізілгенін растайтын есеп.»; 35) 130-баптың екінші бөлігі алып тасталсын; 36) 140-бапта: 2) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «2) егер ақшаны өндіріп алу туралы талап орындалу мерзімі басталған шарттан туындайтын міндеттеменің орындалмауына негізделсе және міндеттеменің орындалмағанын борышкер жазбаша түрде мойындаса;»; «11) егер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарып жүрген үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы, сондай-ақ жария шарттардың негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау, телефонның және Интернет желісінің, кәбілдік телевизияның көрсетілетін қызметтері, тұрмыстық қатты қалдықтарды тасып шығару) үшін берешекті өндіріп алу туралы талаптар бойынша талап мәлімделген болса;»; мынадай мазмұндағы 12), 13), 14 және 15) тармақшалармен толықтырылсын: «12) егер берілген сомаларды индекстеу туралы талап мәлімделген болса; 13) егер келісімшарт бойынша әскери қызметшінің бастамасы бойынша келісімшарт мерзімінен бұрын дәлелді себептерсіз бұзылған жағдайда, әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса; 14) егер шартта көзделген мерзім өткенге дейін өз еркімен қызметін тоқтатқан оқу орындарының курсанттарын оқытуға жұмсалған соманы өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса; 1-тармақтың 36) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |