ҚР Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 11-1-4/33 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 24 қазандағы № 100 бұйрығына 2-қосымша
«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті (бұдан әрі - Департамент) - Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі «Бурабай арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі - АЭА) жұмыс істеуін қамтамасыз етумен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады. 2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Департамент ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы мемлекеттік мекемесінің заңды тұлғасы болып табылады, мемлекетті тілдегі өз атауы бар мөрі және мөртабаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Департамент өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. 5. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болады. 6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|