«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы (2023.19.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті» және «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті - «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 24 қазандағы № 100 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9841 тіркелген, 2014 жылғы 18 қарашадағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|