«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының 2013 жылғы жылдық қаржылық (шоғырландырылған және жеке) есептілігін, таза кірісін бөлу, жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу тәртібін және бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін бекіту туралы
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) және 10) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) 2013 жылғы жылдық қаржылық (шоғырландырылған және жеке) есептілігі; 2) Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 23 мекенжайы бойынша тіркелген; деректемелері: бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) - 081140000436, жеке сәйкестендіру коды (ЖСК) - KZ91125KZT1001300144, Алматы қаласы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесіндегі банктік сәйкестендіру коды (БСК) - NBRKKZKX Қордың қаржылық есептілігіне сәйкес 407246228638 (төрт жүз жеті миллиард екі жүз қырық алты миллион екі жүз жиырма сегіз мың алты жүз отыз сегіз) теңгені құрайтын Қордың 2013 жылғы таза кірісін бөлу тәртібі бекітілсін: дивидендтерді төлеуге - 9077418000 (тоғыз миллиард жетпіс жеті миллион төрт жүз он сегіз мың) теңге жіберілсін; инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру, борыштық міндеттемелерді өтеу және активтер сатып алу үшін - 398168810638 (үш жүз тоқсан сегіз миллиард бір жүз алпыс сегіз миллион сегіз жүз он мың алты жүз отыз сегіз) теңге Қор мен оның компанияларының иелегінде қалдырылсын; 3) Қордың бір жай акциясына шаққанда 2013 жылғы дивидендтің мөлшері 2 (екі) теңге 61 (алпыс бір) тиын болып бекітілсін. 2. Осы қаулыға қол қойылған күн дивидендтерді төлеу басталатын күн болып белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|