Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кейбір мәселелерi (ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2014 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын. 2. Қоса берілiп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен ереже күшін жойды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. «Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 556-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінде: 3, 9-тармақтардағы, 80-тармақтың 4) және 6) тармақшаларындағы және 1, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшалардағы «Әділет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес» деген сөздер «Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын: «6) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына, олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекетке байланысты заңнаманы талдауды және жетілдiрудi жүзеге асырады; 7) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындауды және жасауды қамтамасыз етедi.»; 17-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласында сот-сараптама мекемелерi жүргiзетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық етедi;"; 3) тармақша алынып тасталсын; 2) көрсетілген қаулымен бекiтілген есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиялардың нысандарында және оларға қосымшаларда: «Әділет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес» деген сөздер «Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) көрсетілген қаулымен бекiтілген Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өнiмдердiң транзитiне рұқсаттар нысандарында: «Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес» деген сөздер «Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым iс-шараларының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 2 ақпандағы № 176 қаулысында: 1) 2 және 3-тармақтардағы «Әділет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес» деген сөздер «Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 4-тармақ алынып тасталсын; 3) көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған басым iс-шараларының жоспарында: «ӘдМ НЕҚК», «ДСА» және «МAКM» деген сөздер «IIМ», «ДСМ» және «Ақпаратминi» деген сөздермен ауыстырылсын. |