Cоғыс жағдайы туралы (2012.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-5-баптар) 2-тарау. Соғыс жағдайы режимі қамтамасыз ету (6-8-баптар) 4-тарау. Соттар мен прокуратура органдарының соғыс жағдайы кезеңіндегі қызметі (11-бап) 6-тарау. Қорытынды ережелер (15-17-баптар) Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазакстан Республикасынын аумағында тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардын (бұдан әрі азаматтар және басқа да адамдар), сондай-ақ мемлекеттік органдардың, әскери басқару органдарының және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың (бұдан әрі ұйымдар) соғыс жағдайы кезеңіндегі құқықтық қатынастарын реттейді. Осы Заңның қолданылуы соғыс жағдайы кезеңімен шектеледі. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) агрессия- шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының не коалициясының) Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтык қол сұғылмау-шылығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы қарулы күш қолдануы немесе оған Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен сыйыспайтын қандай да болсын басқадай әрекет жасауы. Соғыстың жариялану-жарияланбауына қарамастан мынадай іс-кимылдардың кез келгені: шет мемлекеттің қарулы күштерінің Қазақстан Республикасының аумағына басып кіруі, шабуыл жасауы, қарулы күшті қолдана отырып Қазақстан Республикасының аумағын немесе оның бөлігін аннексиялаудың кез келгені; Қазақстан Республикасынын аумағын бомбалау немесе шет мемлекеттің кез келген қаруды Қазақстан Республикасына қарсы қолдануы; шет мемлекеттің қарулы күштерінің Қазақстан Республикасының порттарын немесе жағалауларын қоршап алуы; шет мемлекеттің қарулы күштерінің Қазакстан Республикасының Қарулы Күштеріне, баска әскерлері мен әскери құралымдарына, Қазақстан Республикасының теңізде жүзетін сауда немесе азаматтық авиация кемесіне шабуыл жасауы; халықаралық шарт бойынша Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шет мемлекеттің карулы күштерін халыкаралық шартта көзделген талаптарды бұза отырып қолдану немесе халыкаралық шарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін де олардың Қазакстан Республикасының аумағында болуының кез-келген түрде жалғасуы; баска мемлекеттің билігіне берілген аумакта, сол мемлекеттің Қазакстан Республикасына қарсы агрессия актісін жасау үшін пайдалануына мүмкіндік жасаушы мемлекеттің іс-қимылы; мемлекеттің немесе мемлекет атынан Қазақстан Республикасына қарсы тегеурінділігі жоғарыда атап көрсетілген актілерге пара-пар қарулы күш қолдану актілерін жүзеге асыратын қарулы бандалардың, топтардын және тұрақты емес күштердің немесе жалдамалылардың жіберілуі; шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсіздігіне карсы бағытталған өзге де іс-қимылдары, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының ережелеріне сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік Кеңесі агрессия ретінде белгілеген актілер агрессия актісі болып танылады; 2) аннексия- Қазақстан Республикасының аумағын немесе оның бір бөлігін шет мемлекеттің күштеп қосып алуы, басып алуы; 3) әскери цензура- хабарлар мен материалдардын не олардың жекелеген бөліктерінің таралуына шектеу қою немесе тыйым салу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлар мен материалдарды әскери басқару органдарымен, лауазымды адамдармен олардың талабы бойынша немесе өзге де негіздер бойынша алдын ала келісуі, сондай-ақ мемлекеттік құпиялары бар мәліметтердің жариялануы мен әйгіленуіне жол бермеу мақсатыңда хат-хабар алмасуға, телефон және радио арқылы сөйлесулерге бақылауды жүзеге асыру; 4) соғыс жағдайы - Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны не оның кауіпсіздігіне сырттан тікелей төнген қатерді болдырмауға немесе оларға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкімшілік, әскери және өзге де шаралар кешенін көздейтін және Қазақстан Республикасының Президенті Республиканың букіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде енгізетін ерекше құқықтық режим; 5) интернирлеу - агрессия жасаған мемлекеттің соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағында болған азаматтарын ұстау және арнайы бөлінген қоныстандыру орындарына орналастыру; 6) коменданттық сағат - соғыс жағдайы кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету, барлаушылық, диверсиялык және баска да дұшпандық әрекеттердің жолын кесу мақсатында қолданылу мерзімдері мен уақыты көрсетіле отырып енгізілетін, халықтың арнайы берілген рұқсат қағаздар мен жеке басты куәландыратын кұжаттарсыз тәуліктің белгіленген уақытында тұрғын үйлерден тыс жерлерде болуына және елді мекендер арасында жүріп-тұруына тыйым салатын шара; 7) қауіпсіздікке сырттан тікелей төнген қатер - мемлекеттік шекараның қол сұғылмаушылығына төнген қатер және Қазақстан Республикасына қатысты күш қолдану қатері, сондай-ақ шет мемлекеттердің арнайы қызметтері мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлаушылық, террористік, диверсиялық және Қазакстанның ұлттық қауіпсіздігіне залал келтіруге бағытталған өзге де әрекеттері; ҚР 2005.08.07 № 70-III Заңымен 8-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 8) әскери басқару органдары - стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті әскери басқару органдары.
2-бап, Соғыс жағдайын енгізудің мақсаты Қазақстан Республикасына қарсы агрессияның жолын кесу немесе оған тойтарыс беру үшін жағдайлар жасау соғыс жағдайын енгізудің мақсаты болып табылады.
3-бап. Соғыс жағдайының құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының Конституииясы, осы Заң, өзге де нормативтік құқықтық актілер және Казақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар Қазақстан Республикасындағы соғыс жағдайының құқықтық негіздері болып табылады. 1. Қазакстан Республикасына қарсы агрессия жағдайлары не онын қауіпсіздігіне сырттан тікелей төнген қатер Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде соғыс жағдайын енгізу үшін негіз болып табылады. 2. Соғыс жағдайы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен енгізіледі. 3. Соғыс жағдайы енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Президенті, егер бұрын жарияланбаған болса, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялайды. 4. Қазақстан Республикасы Президентінің соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығында: соғыс жағдайын енгізу үшін негіз болған мән-жайлар; енгізілген шаралардың және азаматтар мен басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеулердің тізбесі; соғыс жағдайы енгізілетін аумақтың шеқаралары; соғыс жағдайын орнату мен қолдау үшін тартылатын күштер мен құралдар; соғыс жағдайы қолданыла бастайтын уакыт белгіленеді. соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығынын толық мәтіні дереу радио мен теледидар арқылы таратылуға, сондай-ақ ресми түрде жариялануға тиіс. 5. Қазакстан Республикасының Президентінің соғыс жағдайын енгізү туралы жарлығының толық мәтіні дереу радио мен теледидар арқылы таратылуға, сондай-ақ ресми түрде жариялануға тиіс 6. Қазакстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Парламентін соғыс жағдайының енгізілгені және ішінара немесе жалпы мобилизация жарияланғаны туралы дереу хабардар етеді. 7. Мемлекетті агрессияға тойтарыс беруге әзірлеу тәртібін Қазакстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгілейді. 5-бап. Соғыс жағдайының кезеңі 1. Соғыс жағдайының кезеңі соғыс жағдайы енгізілген уақыттан басталады және соғыс жағдайының күші жойылған уақытпен аяқталады. 2. Соғыс жағдайы күшінде болған кезенде азаматтардың және басқа да адамдардың, Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 3-тармағында аталған баптарда көзделген құқықтар мен бостандықтарды қоспағанда, құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың қызметін шектеу, сондай-ақ оларға осы Заңда белгіленген қосымша міндеттер жүктеу көзделеді. 3. Соғыс жағдайы енгізілген жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскери басқару органдарының өкілеттіктері кеңейтіледі, оларға мемлекеттік билік пен баскару органдарының қорғаныс жене қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы барлык функциялары көшеді. 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік органдары соғыс жағдайы қолданылатын кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агрессияға тойтарыс беру үшiн қолданылады. 5. Соғыс жағдайы күшінде болған кезенде азаматтық және аумақтық қорғаныс шаралары Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жүргізіледі. 2-тарау. Соғыс жағдайы режимі қамтамасыз ету 6-бап. Соғыс жағдайының шаралары 1. Соғыс жағдайы енгізілген аумақта мынадай шаралар қолданылуы мүмкін: 1) Республиканың мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарын, сондай-ақ экономикасын соғыс жағдайы талаптарына сай жұмыс істеуге көшіру; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдыра өрістетуін жүргiзу; 3) Қарулы Күштердің мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін арнайы құралымдар жасақтау, экономиканың іркіліссіз жұмысы мен халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету; 4) азаматтық және аумактық қорғаныс іс-шараларын өткізу; 5) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтар запасына салынған тыйымды алып тастау және оны пайдалану; 6) қоғамдық тәртіптің, сондай-ақ республикалық объектілер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық объектілер бойынша жергілікті аткарушы органдар белгілейтін тізбелерге сәйкес мемлекеттік және әскери объектілердің, халыктың тыныс-тіршілігін, көлік пен коммуникациялардың жұмысын камтамасыз ететін объектілердің, адамдардың өмірі, денсаулығы және қоршаған орта үшін аса каупті объектілер жұмысының ерекше режимін белгілеу; 8) халыкты, шаруашылық, әлеуметтік және мәдени мақсаттағы объектілерді эвакуациялау, сондай-ақ азаматтарды және басқа адамдарды өмір сүруге қауіпті аудандардан, уақытша немесе тұрақты тұруы және орналасуы үшін оларға міндетті түрде тұрғын үй-жай және тұрғын үйге жатпайтын үй-жай бере отырып, басқа аудандарға уақытша көшіру; ҚР 2005.08.07 № 70-III Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 9) жеке және занды тұлғалардан қорғаныс мұқтажы үшін қажетті мүлікті, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және жағдайда реквизициялау, оларға реквизицияланған мүлік құнын мемлекеттің өтеуі; 10) соғыс жағдайы енгізілген аумаққа кірудің және одан шығудың ерекше режимін белгілеу және қамтамасыз ету, сондай-ақ жүріп-тұру еркіндігін шектеу; 11) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектілерді, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіруге, сондай-ақ өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға тарту: 12) соғыс жағдайы енгізілген жерде болатын орын мен тұратын орынды тандауға тыйымдар мен шектеулер белгілеу; 13) жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер, бой көрсетулер, ереуілдер өткізуге тыйым салу немесе шектеу; 14) коменданттық сағат белгілеу және әскери басқару органдары мен мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша азаматтардың және басқа да адамдардың құжаттарын тексеруді жүзеге асыруына, олардың жеке басына тексеру жүргізуіне, заттарын, тұрғын үйі мен көлігін тексеріп қарауына, сондай-ақ азаматтарды, басқа да адамдарды және көлік құралдарын ұстап, іркуді жүзеге асыруына құқық беру; 15) қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш және улы заттар сатуға тыйым салу, құрамында есірткі және өзге де күшті есер ететін заттар бар дәрі-дәрмек пен медициналық препараттар, алкоголь өнімдері айналымының ерекше режимін белгілеу; 16) ҚР 2005.08.07 № 70-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 17) баспаханалардың, есептеу орталықтарының және автоматтандырылған жүйелердің, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына бақылау орнату, оларды қорғаныс кажеті үшін пайдалану, сондай-ак олардың қызметін шектеу; 18) әскери цензура енгізу; 19) интернирлеу; 20) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге шығуына тыйым салу немесе шектеу; 21) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимін күшейтуге бағытталған қосымша шаралар енгізу; 22) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес соғыс жағдайын қамтамасыз етуге қажетті өзге де шаралар. 2. Соғыс жағдайы кезеңінде мемлекеттің қорғаныс мүддесіндегі қажеттерін, сондай-ак халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті өнімдер өндіруге, жұмыстар мен кызмет көрсетулерді жүзеге асыруға арналған жағдайларды камтамасыз ету мақсатында экономикалық және қаржылық қызметті жүзеге асыруға; тауарлардың, ақшаның және қызмет көрсетудін бірден бірге еркін өтуіне; ақпаратты іздеуге, алуға, беруге, өндіруге және таратуға; банкроттық рәсімдерін қолданудың тәртібі мен шарттарына; еңбек қызметінің режиміне арналған уакытша шектеулер қоюға байланысты шаралар қолданылуы мүмкін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен Қазакстан Республикасының бүкіл аумағында да, оның жекелеген жерлерінде де қаржы, салық, кеден және банк жүйелерінің жұмыс ерекшеліктері белгіленуі мүмкін. 3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген соғыс жағдайы шараларын жұзеге асыруды регламенттейтін қажетті нормативтік Құқықтык актілер соғыс жағдайының күшінде болу кезеңінде де, ол енгізілгенге дейін де қабылдануы мүмкін. 7-бап. Қарулы Күштерді, басқа әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарды соғыс жағдайы режимін қамтамасыз етуге тарту 1. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қарулы Күштер, баска әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мынадай негізгі міндеттерді орындау: 1) соғыс жағдайы енгізілген аумаққа кірудің және ол аумақтан шығудың ерекше режимін сақтау, сондай-ақ ондағы жүріп-тұру еркіндігін шектеу; 2) халықты құтқару мен эвакуациялауға, авариялык-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға, санитариялык-эпидемияға қарсы, эпизоотияға қарсы және басқа да шараларды өткізуге қатысу; 3) мемлекеттік және әскери объектілерді, халықтың тыныс-тіршілігін, көлік пен коммуникациялардың жұмысын қамтамасыз ететін, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға аса қауіпті объектілерді күзету; 4) қоғамдық тәртіп пен кауіпсіздікті сақтау, соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге катысу; 5) заңсыз қарулы құралымдардың. террористердің, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен әскери басқару органдарында қызметі Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қаупсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталғандығы туралы анык мәліметтер бар қоғамдық және діни бірлестіктер, шетелдік және халыкаралық ұйымдар әрекеттерінің жолын кесу үшін тартылады. 2. Соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз етуге тартылатын мемлекеттік органдарды, Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 8-бап. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету кезінде қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды, сондай-ақ дене күшін қолдану 1. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету үшін тартылып отырған әскери қызметшілерге және мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін орындау кезінде қару-жарақ, әскери техника, арнайы құралдар алып жүру, сақтау, қолдану, сондай-ақ дене күшін қолдану құқығы беріледі. Аталған адамдар дене күшін, арнайы құралдарды, қару-жарақты және соғыс техникасын қолдануға байланысты келтірілген зиян үшін, егер келтірілген зиян төнген кауіптің сипаты мен дәрежесіне сәйкес болса, жауапты болмайды. 2. Соғыс жағдайы режимін камтамасыз ету үшін тартылған әскери қызметтер мен мемлекеттік органдар қызметкерлері дене күшін, арнайы құралдарды, қару-жарақты немесе соғыс техникасын: 1) мемлекеттік және әскери объектілерге, азаматтарға және басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін; 2) әскери қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, сондай-ақ азаматтардың және басқа да адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қарсылықты болғызбау үшін; 3) өздерімен бірге қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш, химиялық немесе улы заттарды алып жүрген адамдарды, егер олар: қылмыс жасау үстінде қолға түссе; әскери қызметшілердің немесе мемлекеттік органдар қызметкерлерінің занды талаптарын орындамаса; әскери қызметшілер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерді жүзеге асыруына кедергі келтірсе, оларды ұстау үшін; 4) күзетілетін объектілер мен әскерлердін орналасқан жерлеріне заңсыз еніп кету әрекеттерінің жолын кесу үшін; 5) кепілдікке алынғандарды, басып алынған күзетілетін объектілерді, ғимараттарды, көлік құралдары мен жүктерді азат ету үшін, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктер мен қоғамдық тәртіпті топтасып бұзудын жолын кесу үшін; 6) жүргізушісі заңды талаптарды орындамаған көлік құралын тоқтату үшін; 7) дабыл немесе көмекке шақыру белгісін беру үшін; 8) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де жағдайларда қолдануға құқылы. 3. Дене күшін, арнайы құралдарды, қару-жарақты және соғыс техникасын өкілеттіктен асыра қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа апарып соғады. 3-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің, үкіметінің соғыс жағдайы кезеңіндегі өкілеттіктері
ҚР 2005.08.07 № 70-III Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 9-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Президенті соғыс жағдайы кезеңінде: 1) соғыс жағдайын қамтамасыз етуді ұйымдастыру ісіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 2) мемлскеттік органдардың келісілген жұмысын және өзара іс-қимылын камтамасыз етеді; 3) соғыс жағдайы енгізілген аумақта соғыс жағдайы шараларының қолданылу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік органдардын осы шараларды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерін бекітеді: 4) соғыс жағдайының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер шығарады; 5) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес төтенше мемлекеттік бюджетті қабылдап, енгізеді және ол туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етеді; 6) Қарулы Куштерді, баска әскерлерді және әскери құралымдарды, мемлекеттік органдарды соғыс жағдайын камтамасыз етуге тартудың тәртібін белгілейді және осы Заңға сәйкес олардың міндеттерін анықтайды; 7) жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер, бой көрсетулер, ереуілдер өткізуге тыйымдар немесе шектеулер белгілейді; 8) әскери қызмет өткерүдің ерекшеліктерін анықтайды; 9) ҚР 2005.08.07 № 70-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 10) көліктің, коммуникациялардың және энергетиканың, сондай-ақ амдардын өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға аса қауіпті объектілердің ерекше жұмыс режимін белгілейді; 11) қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органдар құрады; 12) соғыс жағдайы күшiнде болған кезенде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Республика Үкіметінің құрылымын белгілейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Укіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдары құрады, таратады және қайта ұйымдастырады; 13) ҚР 2005.08.07 № 70-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 14) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Осы баптың 3), 4), 6) тармақшаларында аталған нормативтік құқықтық актілер соғыс жағдайы күшінде болған кезеңде де, оны енгізгенге дейін де қабылдануы мүмкін.
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Үкіметі соғыс жағдайы кезеңінде: 1) орталық және жергілікті аткарушы органдардың, сондай-ак ұйымдардың соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне басшылық жасайды; 2) Қарулы Күштердің, баска әскерлердің және әскери құралымдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, азаматтардын және баска да адамдардың қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді; 3) ҚР 2005.08.07 № 70-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР 2005.08.07 № 70-III Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 4) Қазақстан Республикасының Президентіне төтенше мемлекеттік бюджетті ұсынады және оның атқарылуын қамтамасыз етеді; 5) соғыс жағдайы шараларын материалдық-техникалық, еңбек және басқа да ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 6) ҚР 2005.08.07 № 70-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 7) агрессия жасаған мемлекетпен (мемлекеттер тобымен не коалициясымен) жасалған халықаралық шарттарды Қазақстан Республикасының Парламенті күшін жоюы үшін өз құзыреті шегінде ұсынады; 8) азаматтық және аумақтык қорғанысты басқарады; 9) ҚР 2005.08.07 № 70-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 10) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
4-тарау. Соттар мен прокуратура органдарының соғыс жағдайы кезеңіндегі қызметі
11-бап. Соттар мен прокуратура органдарының соғыс жағдайы енгізілген аумақтағы қызметі 1. Соғыс жағдайы енгізілген аумақта Қазақстан Республикасының Конституциясында және конституциялық заңында белгіленген соттар жұмыс істейді. 2. Соғыс жағдайы енгізілген аумақтағы прокуратура органдарының қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 5-тарау. Азаматтардың және басқа да адамдардың, ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі міндеттері
12-бап. Азаматтардың және басқа да адамдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі міңдеттері 1) Азаматтар және басқа да адамдар Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Заңнын, өзге де нормативтік құқықтық актілердің және Қазақстан Республикасы бекіткен шарттардың соғыс жағдайы мөселелері жөніндегі талаптарын орындауға міндетті. 2. Соғыс жағдайы енгізілген аумақтағы азаматтар мен басқа да адамдар: 1) соғыс жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындауға және оларға жәрдемдесуге; 2) тұрып жатқан жеріндегі әскери баскару органдарына және мемлекеттік органдарға шақырту бойынша келуге; 3) мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Казақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарын орындауға; 4) Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қорғаныс сипатындағы жұмыстарға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектілерді, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіруге, сондай-ақ, өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға; ҚР 2005.08.07 № 70-III Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өздерінің меншігіндегі қорғаныс қажетіне керекті мүлікті беруге; 6) өздеріне Казақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де міндеттерді орындауға міндетті. |