Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілерін күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық және Қылмыстық процесстік кодекстерін қабылдауға байланысты, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында нормативтік құқықтық актілерді ретке келтіру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің осы бұйрықтың 1-қосымшасында айтылған Тізімге сәйкес күші жойылсын. 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелеріне, Бас әскери прокуратурасына, Бас көлік прокуратурасына, Астана, Алматы қалаларының, облыс прокуратураларына және Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін жолдасын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің Төрағасына жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бас Прокурорының 2014 жылғы 14 қазандағы № 115 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 1. «Талдау кестелерінің уақытша нысандарын және қылмыстылық, құқықбұзушылық жағдайы мен прокуратура органдары жұмысының басты көрсеткіштері бойынша мәліметтерді және оның құрастырылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылдың 30 мамырдағы № 50 бұйрығы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|