Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына 2-қосымша
Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары (2023.08.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.20.04. № 310 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында (бұдан әрі — оқу ұйымдары) механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді (бұдан әрі — жүргізушілер) даярлау тәртібін айқындайды. 1-1. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2023.20.07. № 591 бұйрығымен алып тасталды (2023 ж. 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Ішкі істер министрінің 2018.20.04. № 310 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2023.20.07. № 591 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Жүргізушілерді даярлау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы және «A1», «В1», «С1», «D1», «С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың үлгі бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. 3. «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы және «A1», «В1», «С1», «D1», «С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау медициналық куәландырудан өткен және медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдардың қатарынан жүзеге асырылады. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2017.26.09. № 646 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|