Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 76 Қаулысымен күші жойылды
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Е. Досаев 2014 жылғы 5 қараша Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 170 қаулысына қосымша
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 227 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8856 тіркелген, 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде № 8 (28232) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілікті ұсыну қағидаларында: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Есептілікке өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу қажет болған жағдайда, Қор уәкілетті органға пысықталған есептілікті және есептілікке өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу қажеттілігінің себептерін көрсетіп, жазбаша түсіндірмені ұсынады.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|