ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.28.07. № 277 бұйрығымен (2023 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-қосымша жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 2-қосымша
Өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (2023.14.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы Өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малға бонитирлеу жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Етті бағыттағы ірі қара малды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малға бонитирлеу жүргізу тәртібі
3. Өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малды бонитирлеу жыл сайын барлық шаруашылықтарда, олардың меншік және шаруашылық нысандарына қарамастан, тамыздан қазанға дейін (жануарлардың аймағы мен жай-күйіне байланысты) жүргізіледі. Асыл тұқымды жануар мәртебесі бар өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара мал бонитирленуі тиіс. Асыл тұқымды жануар мәртебесі жоқ ірі қара малдың иелері бонитирлеу жүргізуге құқығы бар және өз қалауы бойынша оны жүргізу үшін бонитерлерді (сыныптаушыларды) шақыра алады. Алты айға дейінгі төлдер, бордақыдағы жануарлар, өгіздер және піштірілген жануарлар бонитирлеуге жатпайды. 4. Ірі қара малдың иелері бонитирлеуді өткізер алдында мынадай дайындық іс-шаралары өткізіледі: 1) жануарлардың жоғалған түгендеу нөмірлерін тексеру, нақтылау және қалпына келтіру; 2) жануарларды түгендеу нөмірлерінің деректерін асыл тұқымды жануардың жеке карточкаларындағы және (немесе) ауыл шаруашылығы жануарының карточкасындағы жазбалармен салыстыру. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|