«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 10 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесі бекітілсін. 2. ««Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2014 жылғы 5 маусымдағы № 04-2-4/93 бұйрығы күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9521 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 20 маусымда жарияланған). 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті (Көмекбаев Ә.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|