Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен күші жойылды
«Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 2-1-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 27 желтоқсандағы № 178 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Бәсекелестік туралы» (бұдан әрі - Заң) 2008 жылғы 25 желтоқсандағы және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңдарына сәйкес әзірленді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|