Статистикалық жұмыстардың 2015 жылға арналған жоспарын бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Статистикалық жұмыстардың 2015 жылға арналған жоспары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (Ә. А. Смайылов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|