Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы (2015.20.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 408 бұйрығымен күші жойылды
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидалары бекітілсін. ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.20.07. № 465 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З. Оразалиева): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е. Иманғалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов 2014 жылғы 30 желтоқсан
Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 508 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қағидалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|