|
Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы (2011.18.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 438-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесі бекітілсін. 2. «Кедендік бақылаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 201 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2276 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден басталған қатынастарға қолданылады.
Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 бұйрығымен бекітілген
Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесi
1. Осы Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 438-бабына сәйкес әзірленді және Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін (бұдан әрі - ЗМО кедендік тізілімі) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. ЗМО кедендік тізілімін жүргізу
2. Зияткерлік меншік объектілері «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 439-бабымен белгіленген шарттар сақталған кезде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шешім шығарғаннан кейін ЗМО кедендік тізіліміне енгізуге жатады. 3. ЗМО кедендік тізілімі осы ереженің қосымшасына сәйкес, нысан бойынша электронды түрде жүргізіледі. 4. ЗМО кедендік тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі: ЗМО кедендік тізілімі бойынша тіркеу нөмірі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|