Өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесін бекіту туралы (2019.16.09. берілген өзгерістермен)
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесі бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдалануы және жойылуы лицензиялануға тиіс улардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 220-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 және 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 418 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 402-құжат). 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2019.16.09. № 689 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 59 қаулысымен бекітілген
Өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, тізбесі
А тізімі
1. Амитон: О, О-диэтил-S-[2-диэтиламино)этил] тиофосфат және тиісті алкилденген немесе протондалған тұздар 2. 1,1,3,3,3-пентафтор-2-(трифторметил)-1-пропен 3. 3-хинуклидинилбензилат 4. Құрамында бір метилді, этилді немесе пропильді (қалыпты немесе изо-) топ байланысқан фосфор атомы бар, бірақ көміртегінің басқа атомдары жоқ химикаттар, мысалы, метилфосфонилдихлорид, диметилметилфосфонат (фонофос: О-этил S-фенилэтилфосфонитиолтионат жатпайды) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|