Мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру қағидаларын бекіту туралы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 116 бұйрығымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-4) тармақшасына сәйкес бұйрамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстарды орналастыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2- тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|