Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы (2023.07.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі және төтенше жағдайлар департаменттерінің, мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының және оқу орындарының бастықтары: 1) жеке құраммен жауынгерлік және қызметтік даярлық жүйесінде осы Нұсқаулықты кейіннен сынақтар қабылдай отырып зерделеуді ұйымдастырсын; 2) ішкі істер органдарының барлық қызметкерлерінің және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің Нұсқаулық талаптарын орындауын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз өнімдерінде ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz. интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|