ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.03.11. № 467 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022.20.04. № 37 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 2-қосымша
Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу қағидалары (2024.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 7-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу тәртібін айқындайды. 2. Концессионерді таңдау жөніндегі Конкурс (аукцион) (бұдан әрі - Конкурс (Аукцион) Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары бекіткен, Заңның 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектілер тізбесінің (бұдан әрі - Тізбе) негізінде өткізіледі. 3. Концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылатын концессиялар жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) немесе қалған жобалар бойынша конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы жүзеге асырады. Конкурсты (аукционды) тиісті ұйымдастырушы Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Республикалық меншікке жататын және заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|