«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы (2022.03.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚазҰТЗУ» КеАҚ) құрылсын. 2. «ҚазҰТЗУ» КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім саласындағы білім беру қызметтерін көрсету, жаңа білімдерді генерациялау және трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, заманауи ғылыми инфрақұрылымды құру және ғылыми әзірлемелерді енгізу болып айқындалсын. 3. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Парасат» АҚ) «Парасат» ғылыми-технологиялық орталығы» (бұдан әрі - «ҒТО» АҚ), «Ғылым орталығы» және «Ұлттық сейсмологиялық қадағалау және зерттеу орталығы» (бұдан әрі - «ҰСҚжЗО» АҚ) акционерлік қоғамдарына бөліну жолымен қайта ұйымдастырылсын. 4. Мыналар: 1) «ҒТО» АҚ қызметінің негізгі нысанасы - ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті жүзеге асыру, оның ішінде зияткерлік меншік құқығын іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу; ғылыми-технологиялық дамуға және ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикалық қолдануға қолайлы жағдайлар жасау; 2) «Ғылым орталығы» АҚ қызметінің негізгі нысанасы - акциялар пакеттері (жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері) жаңа білімдерді генерациялау және трансферттеу мақсатында «Ғылым орталығы» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін заңды тұлғаларды басқару, заманауи ғылыми инфрақұрылым жасау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|