ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.04.12. № 1151 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.12.06. № 391 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 197-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» (2019.12.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күні. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сақталады. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат немесе не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|