Павлодар облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы саласындағы кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 285/5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 252/8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4736 болып тіркелді, 2015 жылғы 9 қазанда «Регион.kz» газетінде жарияланды) келесідей өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 257/9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4762 болып тіркелді, 2015 жылғы 6 қарашада «Регион.kz» газетінде жарияланды) келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|