«Әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 264 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12104 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидаларында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидалары»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|