|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Инвесторлардың құқықтарын қорғау және активтерді қайтару саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Инвесторлардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру мақсатында инвестициялық омбудсмен функцияларын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады. 2. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Активтерді қайтару жөніндегі комитет) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын, қайта ұйымдастырылған Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 11-1-бабында және «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына берілсін. 3. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы берілетін функциялар мен өкілеттіктердің шегінде Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын. 4. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|