«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 954 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 157 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шiлдедегі № 754 қаулысымен бекітілген
Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі
1. Протездiк-ортопедиялық құралдар: 1) шина-былғары қол протезi (иық протезi, білек протезi, саусақ протезi); жаңа технология бойынша қол протезi (иық протезi, білек протезi, саусақ протезi); 2) шина-былғары жілiншiк протезi; жаңа технология бойынша (модульдік) жіліншік протезі; силикон қабы бар жіліншік протезі; 3) шина-былғары жамбас протезi; жаңа технология бойынша (модульдік) жамбас протезі; 4) омырау бездерінiң протезi; 5) аппарат, тутор; 6) таяқ: бір тіреулі және көп тіреулі; 7) балдақ: бір тіреулі шынтақ, көп тіреулі шынтақ, қолтық асты; 8) жетек арба: сал ауруы бар балаларға арналған, жетек арба (қадамсыз, қадамдық, дөңгелекті), қосымша тіреуі бар жетек арбалар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|