|
Жерді неғұрлым құнды жерден құндылығы төменіне ауыстыру, консервациялау қажеттілігін айқындау, сондай-ақ экологиялық зілзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу мақсатында жерді бағалаудың экологиялық өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 230-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жерді неғұрлым құнды жерден құндылығы төменіне ауыстыру, консервациялау қажеттілігін айқындау, сондай-ақ экологиялық зілзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу мақсатында жерді бағалаудың экологиялық өлшемшарттары бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 188 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10887 болып тіркелген); 2) «Жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 188 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 2 тамыздағы № 276 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15660 болып тіркелген). 3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|