«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № 72-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған қабылдануы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі: 1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын; 3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты орналастырып тұрсын. 3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру бойынша ақпаратты талдап, қорытындыласын және айдың 5-і күнінен кешіктірмей, жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министрінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № 72-ө өкімімен бекітілген
Қабылдануы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|