|
2020-2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы
Осы редакция 2020 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. 2020 - 2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 92 834 981 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 42 959 516 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 278 484 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 400 000 мың теңге; трансферттер түсімі - 44 196 981 мың теңге; 2) шығындар - 83 834 981 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 0 теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профицитi) - 9 000 000 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - - 9 000 000 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсiмi - 0 теңге; қарыздарды өтеу - 9 000 000 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге. 2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-бабына сәйкес, 1-тармағының 1), 2) тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|