Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 250 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 16-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау, жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың оларға қойылатын үлгілік талаптары; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерінде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптар бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|