Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы № 886 және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 жарлықтарын іске асыру жөніндегі кейбір мәселелер туралы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері – республикалық мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелері – республикалық мемлекеттік мекемелер осы қаулыға 1-қосымшаның 13, 36, 55-тармақтарында көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін қайта ұйымдастырылсын. 3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің – республикалық мемлекеттік мекемелердің атауы өзгертілсін. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 5. Орталық атқарушы органдар мен Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының жергілікті атқарушы органдары осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 471 қаулысына 1-қосымша
Қайта ұйымдастырылатын орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің – республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|