Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған үлгі күнтізбелік жоспары бекітілсін. 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, қалалар мен аудандардың әкімдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, қалалар мен аудандардың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерімен бірге мәслихаттар депутаттарын сайлауды өткізу кезеңінде өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін. 3. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасының сайлау комиссиялары тиісті күнтізбелік жоспарларды әзірлесін және қабылдасын. 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 21 қазандағы № 29/335 қаулысына қосымша
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|