Қазақстан Республикасы Президентінің
Осы редакция 2015 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2036 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі кезеңге «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) АЭА туралы ереже; 2) АЭА-ның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) осы Жарлықтан туындайтын тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылдауды; 2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Осы Жарлықтың орындалауын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қарашаның 24-і.
№ 181
Президентінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 181 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Қарағанды қаласының аумағында және Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының іргелес жерінде орналасқан. АЭА-ның аумағы 534,9 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. 1) металлургия өнеркәсібін және металл өңдеу саласын дамыту, атап айтқанда әлемдік сауда таңбаларын өндірушілерді тарту жолымен дайын бұйымдарды өндіру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|