Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы (2024.21.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) / ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.05.09. № 280 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 25 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.05.09. № 280 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 25 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.05.09. № 280 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 25 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|