Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық бөлімшелерінің бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып, өсімдіктерді қорғау саласында 2019 жылдың екінші жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау жүргізу тізімін бекіту туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 1-тармағына, «Өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 821 бірлескен бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелерінің бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып, өсімдіктерді қорғау саласында 2019 жылдың екінші жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау жүргізу тізімі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып, өсімдіктерді қорғау саласында 2019 жылдың екінші жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау жүргізуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті 2019 жылғы 10 мамырға дейін осы бұйрықтың көшірмелерінің құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға және аумақтық бөлімшелерге жіберілуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|