Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы (2016.30.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Меншікті капитал жеке тұлғалардың теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттерінің сомасы мен бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес 5,5-ке көбейтілген меншікті капиталдың арасындағы оң айырмасын шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептеледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген меншікті капиталды есептеу мақсаттары үшін: жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттерінің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 1 қаңтарда белгілеген теңгенің шетел валютасына қатысты ресми бағамы бойынша есептеледі; жеке тұлғалардың депозиттері сомасы мен бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес меншікті капиталдың арасындағы оң айырма мынадай мөлшерде енгізіледі: 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап - 0 (нөл) пайыз; 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап - 20 (жиырма) пайыз; 2016 жылғы 1 наурыздан бастап - 40 (қырық) пайыз; 2016 жылғы 1 сәуірден бастап - 60 (алпыс) пайыз; 2016 жылғы 1 мамырдан бастап - 80 (сексен) пайыз; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|