Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 113 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша): 1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|