«Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 231 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 17 қазандағы № 143 бұйрығы
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 231 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11185 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|