|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы (2019.21.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: ҚР 2019.03.07. № 262-VІ Заңын қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы 3-бап. Заң көмегін көрсету қағидаттары 4-бап. Заң көмегін көрсету қағидаттарының мәні 6-бап. Заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі 7-бап. Клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау 8-бап. Клиенттің мүддесінде заң көмегін ұсыну 9-бап. Кәсіптік құпияны сақтау 10-бап. Кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау 11-бап. Заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі 12-бап. Заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау 13-бап. Сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет 14-бап. Заң көмегінің қолжетімділігі 16-бап. Заң көмегінің нысандары 17-бап. Өтеулі негізде заң көмегін көрсету 18-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі 19-бап. Кешенді әлеуметтік заң көмегі 20-бап. Заң көмегін көрсететін тұлғалар 21-бап. Заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат 22-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 23-бап. Уәкілетті органның құзыреті 24-бап. Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі 2-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІ 2-тарау. МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІНІҢ ЖҮЙЕСІ 25-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалар және оны көрсету тәртібі 26-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар 27-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның құқықтары мен міндеттері 29-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту 30-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін қаржыландыру 3-тарау. АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҢ МӘРТЕБЕСІ 33-бап. Адвокаттың құқықтары мен міндеттері 34-бап. Адвокаттың кәсіптік мінез-құлық нормалары 35-бап. Адвокаттық қызметтің кепілдіктері 36-бап. Адвокат қызметін сақтандыру 38-бап. Адвокаттың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері 39-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміттенетін адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия 40-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарға аттестаттау жүргізу тәртібі мен шарттары 41-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия 42-бап. Лицензия беруден бас тарту 43-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру 44-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату және одан айыру 45-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері 46-бап. Адвокаттың өкілеттіктерін куәландыру 47-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу 48-бап. Адвокаттар көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу 4-тарау. АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 49-бап. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандары 51-бап. Адвокаттар алқасының мүлкі 52-бап. Адвокаттар алқасының жарғысы 53-бап. Адвокаттар алқасының органдары 54-бап. Адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) 55-бап. Адвокаттар алқасының төралқасы 56-бап. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы 57-бап. Адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы 58-бап. Адвокаттар алқасына мүшелік 60-бап. Адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтату 61-бап. Адвокаттар алқасы мүшесінің құқықтары мен міндеттері 64-бап. Адвокаттық қызметті жеке-дара жүзеге асыру 65-бап. Республикалық адвокаттар алқасы 66-бап. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысы 67-бап. Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы 68-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы 69-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы 70-бап. Республикалық адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы 71-бап. Республикалық адвокаттар алқасының мүлкі 72-бап. Адвокаттардың тәртіптік жауаптылығы 73-бап. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы 4-БӨЛІМ. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУІ 5-тарау. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ 76-бап. Заң консультантының құқықтары мен міндеттері 77-бап. Заң консультантының қызметін сақтандыру 6-тарау. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 78-бап. Заң консультанттары палатасы 79-бап. Заң консультанттары палатасының жарғысы 80-бап. Заң консультанттары палатасының функциялары 81-бап. Заң консультанттары палатасының құқықтары мен міндеттері 82-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелік 83-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелікті алу және тоқтату шарттары мен тәртібі 84-бап. Заң консультанттары палатасының басқару органдары 85-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы 86-бап. Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы мен атқарушы басқару органы 87-бап. Заң консультанттары палатасының ревизиялық комиссиясы 88-бап. Заң консультанттары палатасының жарналары 90-бап. Заң консультанттары палаталарының тізілімі 91-бап. Заң консультанттары палаталарының тізілімінен шығару 92-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімі 93-бап. Заң консультанттары палатасының өз мүшелерінің қызметін бақылауы 94-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жауапкершілігі 96-бап. Заң консультанттары палаталарының жауапкершілігі 97-бап. Заң консультанттарының палаталарын мемлекеттік бақылау 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 98-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) адвокаттық қызмет - адвокаттар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында, осы Заңда белгіленген тәртіппен, кәсіптік негізде көрсететін заң көмегі; 2) заң консультанттарының қызметі - заң консультанттарының жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында заң көмегін көрсету жөніндегі кәсіптік қызметі; 3) заң көмегі - Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында бекітілген әркімнің білікті заң көмегін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге, оның ішінде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы заң білімі мен дағдыларын пайдалана отырып қамтамасыз етуге бағытталған қызмет; 4) заң көмегіне қатысушылар - заң көмегін көрсететін тұлғалар, клиенттер, заң көмегін көрсетуге тартылған өзге де тұлғалар; 5) заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - заң көмегінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ оның сапасын бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган; 6) клиент - заң көмегін алу үшін өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлға (өкіл); 7) құқықтық ақпарат беру - белгіленбеген тұлғалар тобына Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат беру арқылы көрсетілетін заң көмегінің түрі; 8) құқықтық консультация беру - жеке және заңды тұлғаларға ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсетілетін, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау мәселесіне қатысты заң көмегінің түрі; 9) мүдделер қақтығысы - заң көмегін көрсететін тұлғаның жеке мүдделері мен клиенттің мүдделері арасындағы заң көмегін көрсетпеуге немесе сапалы көрсетпеуге алып келуі мүмкін қайшылық.
2-бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заң мен Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметті және заң көмегін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Заң көмегі осы Заңның нормаларына сәйкес және Қазақстан Республикасының кодекстерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып көрсетіледі. 3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 4. Жекелеген тұлғалардың заң көмегін көрсету шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
3-бап. Заң көмегін көрсету қағидаттары Заң көмегін көрсету мынадай қағидаттарға негізделеді: 2) заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі; 3) клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау; 4) клиенттің мүддесінде заң көмегін ұсыну; 6) кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау; 7) заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі; 8) заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау; 9) сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет; 10) заң көмегінің қолжетімділігі.
4-бап. Заң көмегін көрсету қағидаттарының мәні 1. Заң көмегін көрсетудің мазмұнын айқындайтын және заң көмегіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін іске асырудың жалпы шарттарын қамтамасыз ететін оның іргелі бастаулары заң көмегін көрсету қағидаттары болып табылады. 2. Заң көмегін көрсету қағидаттары өзара байланысты болады және өздерінің жүйесін құрайды. Қағидаттардың әрқайсысын іске асыру заң көмегін көрсетудің өзге қағидаттарымен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүзеге асырылады. 3. Заң көмегін көрсету қағидаттарын сақтамау осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Заң көмегі баршаның заң алдындағы теңдігі, Қазақстан Республикасы Конституциясының, сондай-ақ осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтау міндеті бастауларында ұсынылады.
6-бап. Заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі Заң көмегін көрсететін тұлғалар өздерінің құқықтарын жүзеге асыру және кәсіптік міндеттерін орындау кезінде тәуелсіз болады. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың қызметіне прокуратура, соттар, басқа да мемлекеттік органдар, өзге де ұйымдар мен тұлғалар тарапынан араласуға жол берілмейді.
7-бап. Клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау Заң көмегі жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруда жәрдемдесу мақсатында көрсетіледі. Заң көмегін көрсету кезінде клиенттің ар-намысын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемітетін, оның жеке өмірінің қолсұғылмаушылығына қол сұғатын, оның жеке және отбасылық құпиясын, жеке салымдар мен жинақ ақшалардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесулердің, пошталық, телеграфтық және өзге де хабарлардың құпиясын бұзатын әрекеттерге тыйым салынады.
8-бап. Клиенттің мүддесінде заң көмегін ұсыну Заң көмегін көрсететін тұлға клиенттің мүдделеріне зиян келтіруді болғызбау үшін қажетті шараларды қабылдай отырып, өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындауға міндетті. Заң көмегін көрсету кезінде заң көмегін көрсететін тұлға клиентке, қаржылық шығындардың сипаты мен мөлшерін қоса алғанда, заң көмегінің ықтимал нәтижелері мен салдарларын түсіндіруге міндетті. Заң көмегін көрсету шараларын таңдау клиенттің мүдделерін негізге алуға тиіс. Заң көмегін көрсететін тұлға кәсіптік міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысын болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
9-бап. Кәсіптік құпияны сақтау Клиенттің келісуінсіз кәсіптік құпияны ашуға болмайды. Заң көмегін көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік құпияны сақтау жөніндегі шаралар қабылданады. Кәсіптік құпияны сақтау міндеті уақытпен шектелмейді.
10-бап. Кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау Заң көмегі жоғары кәсіптік және әдептік нормалар сақтала отырып көрсетіледі. Осы нормаларды қалыптастыруды заң көмегін көрсететін тұлғалар жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық, адамгершілік нормалары және заң көмегін көрсету стандарттары негізінде жүзеге асырады.
11-бап. Заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі Егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, заң көмегін көрсетудің шектері мен шаралары заң көмегін көрсететін тұлғаның қалауы бойынша айқындалады және шектеледі.
12-бап. Заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау Заң көмегін көрсету стандарттары Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде заң көмегін көрсету сапасының үздік практикаларын ендіру арқылы қамтамасыз етіледі. Заң көмегінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында оны жүзеге асыруға тиісті кәсіптік даярлығы бар және өз біліктілігін кезең-кезеңімен арттырып отыратын адамдар жіберіледі.
13-бап. Сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет Заң көмегін көрсететін тұлғалар өздерінің кәсіп бойынша әріптестеріне құрмет, әділдік және ынтымақтастық рухында қарым-қатынас жасауға тиіс. Заң көмегін көрсету сотқа және сот ісін жүргізу қағидаларына деген құрметке негізделуге тиіс.
14-бап. Заң көмегінің қолжетімділігі Әркімнің заң көмегін алуға құқығы бар. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда, заң көмегі тегін көрсетіледі.
Заң көмегі: 2) құқықтық консультация беру; 3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру; 4) клиентпен қолданыстағы немесе ықтимал құқықтық қатынастардың қатысушылары болып табылатын кез келген тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауда клиенттің заңды мүдделерін қорғау үшін өзге құқықтық әрекеттер жасау түрінде көрсетіледі. Құқықтық ақпарат беру, құқықтық консультация беру, адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы және білдіруі «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
16-бап. Заң көмегінің нысандары Мыналар заң көмегінің нысандары болып табылады: 1) өтеулі негізде көрсетілетін заң көмегі; 2) мемлекет кепілдік берген заң көмегі; 3) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3) кешенді әлеуметтік заң көмегі.
17-бап. Өтеулі негізде заң көмегін көрсету Егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, келісім негізінде жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетілетін заң көмегі өтеулі негіздегі заң көмегі деп танылады.
18-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі Заң көмегін алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен, тегін негізде көрсетілетін заң көмегі мемлекет кепілдік беретін заң көмегі деп танылады.
19-бап 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 19-бап. Кешенді әлеуметтік заң көмегі 1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға, клиентті заң көмегін сұрап өтініш жасаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға (құқықтық жағдай шешілгенге) дейін құқықтық қолдап отыруды білдіретін өтеусіз заң көмегін шартқа сәйкес көрсету кешенді әлеуметтік заң көмегі болып табылады. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін заң консультанттарының палаталары, Республикалық адвокаттар алқасы белгілейді. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы мәліметтер уәкілетті органға жіберіледі. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру нысандарының бірі болып табылады және ерікті түрде жүзеге асырылады. 2. Кешенді әлеуметтік заң көмегі мыналарға: 1) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға; 2) атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға; 3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға; 4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге; 5) жасына байланысты зейнеткерлерге; 6) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектерге; 7) қиын әлеуметтік және қаржылық жағдайда жүрген өзге де адамдарға көрсетілуі мүмкін. Кешенді әлеуметтік заң көмегі азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейді. 3. Мемлекет кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен ынталандырады.
20-бап. Заң көмегін көрсететін тұлғалар Заң көмегін өз құзыреті шегінде мыналар: 2) адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары; 3) заң көмегін көрсетіп жүрген және заң көмегін көрсететін тұлғалардың міндетті мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйымдарында және заң консультанттарының палаталарында тұрмайтын жеке тұлғалар көрсетеді.
21-бап. Заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат 1. Заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат жеке және заңды тұлғалардың заң көмегін алу құқықтарының кепілдіктерін іске асыру мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, техникалық, ақпараттық, аккредиттеу, лицензиялау-бақылау шаралары мен өзге де шаралардың жиынтығымен қамтамасыз етіледі. 2. Заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. 3. Заңда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік адвокатура қызметінің негіздері, тәртібі мен шарттары белгіленуі мүмкін.
22-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерлерін белгілейді; 3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
23-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 1) заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 2) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалардың қызметін үйлестіреді; 3) заң көмегін көрсету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді; 4) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасына, заң көмегін көрсету көлемінің толықтығы мен сапасына мониторинг жүргізеді; 5) заң көмегін көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 6) заң көмегін көрсету стандарттарын келіседі; 7) заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын келіседі; 8) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді; 9) мемлекет кепілдік берген заң көмегінің барлық түрі бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады; 10) мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етеді; 11) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің жүйесі және негізгі қорытындылары туралы ақпараттың жылына кемінде бір рет Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын және өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді; 12) адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібін әзірлейді және бекітеді; 13) адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекітеді; 14) мемлекет кепілдік берген көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асырады; 15) заң консультанттары палаталарының қызметін бақылауды жүзеге асырады; 16) халыққа заң көмегін көрсететін тұлғалар, заң көмегін көрсету тетіктері, негіздері мен шарттары туралы құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз етеді; 17) заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді; 18) заң консультанттары палаталарының тізілімін жүргізеді; 19) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді; 20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді; 21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
24-бап. Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі Адвокаттық қызметті және заң консультанттарының қызметін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі болып табылады. Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істеген кезде құпиялылықты сақтау қамтамасыз етіледі.
2-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІ
25-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалар және оны көрсету тәртібі Мемлекет кепілдік берген заң көмегін: 1) мемлекеттік органдар «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен, өз құзыреті шегінде құқықтық ақпарат беру түрінде өтеусіз; 2) адвокаттар осы Заңда белгіленген тәртіппен; 3) нотариустар «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өтеусіз; 4) жеке сот орындаушылары «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен, әлеуметтік маңызы бар істер санатын орындау кезінде өтеусіз көрсетеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы3-бап. Заң көмегін көрсету қағидаттары4-бап. Заң көмегін көрсету қағидаттарының мәні5-бап. Заң үстемдігі6-бап. Заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі7-бап. Клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау8-бап. Клиенттің мүддесінде заң көмегін ұсыну9-бап. Кәсіптік құпияны сақтау10-бап. Кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау11-бап. Заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі12-бап. Заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау13-бап. Сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет14-бап. Заң көмегінің қолжетімділігі15-бап. Заң көмегінің түрлері16-бап. Заң көмегінің нысандары17-бап. Өтеулі негізде заң көмегін көрсету18-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі19-бап. Кешенді әлеуметтік заң көмегі20-бап. Заң көмегін көрсететін тұлғалар21-бап. Заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат22-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті23-бап. Уәкілетті органның құзыреті24-бап. Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі 2-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІ2-тарау. МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІНІҢ ЖҮЙЕСІ25-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалар және оны көрсету тәртібі26-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар27-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның құқықтары мен міндеттері28-бап. Адвокаттар көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегін ұйымдастыру, оны көрсету тәртібі және есепке алу29-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту30-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін қаржыландыру 3-БӨЛІМ. АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ3-тарау. АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҢ МӘРТЕБЕСІ31-бап. Адвокатураның мақсаты32-бап. Адвокат33-бап. Адвокаттың құқықтары мен міндеттері34-бап. Адвокаттың кәсіптік мінез-құлық нормалары35-бап. Адвокаттық қызметтің кепілдіктері36-бап. Адвокат қызметін сақтандыру37-бап. Адвокаттық құпия38-бап. Адвокаттың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері39-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміттенетін адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия40-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарға аттестаттау жүргізу тәртібі мен шарттары41-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия42-бап. Лицензия беруден бас тарту43-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру44-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату және одан айыру45-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері46-бап. Адвокаттың өкілеттіктерін куәландыру47-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу48-бап. Адвокаттар көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу 4-тарау. АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ49-бап. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандары50-бап. Адвокаттар алқасы51-бап. Адвокаттар алқасының мүлкі52-бап. Адвокаттар алқасының жарғысы53-бап. Адвокаттар алқасының органдары54-бап. Адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы)55-бап. Адвокаттар алқасының төралқасы56-бап. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы57-бап. Адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы58-бап. Адвокаттар алқасына мүшелік59-бап. Адвокаттың анты60-бап. Адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтату61-бап. Адвокаттар алқасы мүшесінің құқықтары мен міндеттері62-бап. Заң консультациясы63-бап. Адвокаттық кеңсе64-бап. Адвокаттық қызметті жеке-дара жүзеге асыру65-бап. Республикалық адвокаттар алқасы66-бап. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысы67-бап. Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы68-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы69-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы70-бап. Республикалық адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы71-бап. Республикалық адвокаттар алқасының мүлкі72-бап. Адвокаттардың тәртіптік жауаптылығы73-бап. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы74-бап. Адвокаттар алқасының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның басқару органдарының шешімдеріне шағым жасау 4-БӨЛІМ. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУІ 5-тарау. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ75-бап. Заң консультанты76-бап. Заң консультантының құқықтары мен міндеттері77-бап. Заң консультантының қызметін сақтандыру 6-тарау. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ78-бап. Заң консультанттары палатасы79-бап. Заң консультанттары палатасының жарғысы80-бап. Заң консультанттары палатасының функциялары81-бап. Заң консультанттары палатасының құқықтары мен міндеттері82-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелік83-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелікті алу және тоқтату шарттары мен тәртібі84-бап. Заң консультанттары палатасының басқару органдары85-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы86-бап. Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы мен атқарушы басқару органы87-бап. Заң консультанттары палатасының ревизиялық комиссиясы88-бап. Заң консультанттары палатасының жарналары89-бап. Заң консультанттары палатасының ақпаратқа қол жеткізуді және оны құқыққа сыйым сыз пайдаланудан қорғауды қамтамасыз етуі90-бап. Заң консультанттары палаталарының тізілімі91-бап. Заң консультанттары палаталарының тізілімінен шығару92-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімі93-бап. Заң консультанттары палатасының өз мүшелерінің қызметін бақылауы94-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жауапкершілігі95-бап. Заң консультанттары палатасының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның басқару органдарының шешімдеріне шағым жасау96-бап. Заң консультанттары палаталарының жауапкершілігі97-бап. Заң консультанттарының палаталарын мемлекеттік бақылау 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР |