Ащыөзек республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалын және «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Батыс Қазақстан облысының Жәнібек және Қазталов аудандарының аумағында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің жалпы ауданы 314504,1 гектар Ащыөзек республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы (зоологиялық) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің шекаралары немесе табиғи географиялық шептер бойынша Ащыөзек республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы жерлерінің шекарасын белгілесін. 3. Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарының аумағында «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын. 4. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарының босалқы жерлері санатынан жалпы ауданы 343040,1 гектар жер учаскелері алынсын. 5. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарының аумағындағы осы қаулының 4-тармағында көрсетілген жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемеге тұрақты жер пайдалануға берілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|