Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын және Тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды бекіту туралы (2019.03.09. берілген өзгерістермен)
«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-6) тармақша және 17-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидалары 1-қосымшасына сәйкес; 2) тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптары 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қағидалардың 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетін 2-қосымшасын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев 2015 жылғы «___» ________
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрығына 1-қосымша
Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|