Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы (2024.06.01. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов 2015 жылғы «11» желтоқсан
2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 475 шешімімен бекітілген
Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
1. Осы облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. 2. Осы Ережеге сәйкес мынадай наградтау жүзеге асырылады: облыс (қала, аудан) әкімінің Құрмет грамотасымен; Қостанай облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен. 3. Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен облыс (қала, аудан) алдында сіңірген еңбегін тану белгісі ретінде жеке және заңды тұлғалар: елеулі жетістіктері үшін: экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, әскери және мемлекеттік қызметтегі, қоғамдық қызметтегі; халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін; қайырымдылық қызметі және облыс (қала, аудан) алдындағы өзге де еңбектері үшін наградталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|