Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген
«Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1-тарау. Қолданылу аясы
1. Осы «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Техникалық реттеу туралы заң) 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және минералды, органикалық-минералды, органикалық тыңайтқыштарға және топырақ жақсартушы заттарға (бұдан әрі - тыңайтқыштар), сондай-ақ олардың өмірлік циклі процестеріне қолданылады. 2. Техникалық регламент қолданылатын тыңайтқыштардың тізбесі және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес жіктеуіш бойынша олардың кодтары осы техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген. 3. Тыңайтқыштарға байланысты тәуекелдер мынадай қауіпті факторлармен шартталады: минералды тыңайтқыштар үшін: 1) жанғыштығы; 2) тотықтырғыштық әсері; 3) коррозиялық әсері; 4) уыттылығы; 5) көзді зақымдауы; 6) теріні жеуі; 7) көз бен теріні тітіркендіруі; 8) қоршаған сулы орта үшін қауіптілігі; 9) қоршаған ауа ортасы және топырақ үшін қауіптілігі; 10) радиоактивті сәуле шығаруы (фосфорлы тыңайтқыштар және топырақ жақсартушы заттар үшін); органикалық және органикалық-минералды тыңайтқыштар үшін: 1) бактериологиялық; 2) паразитологиялық; 3) энтомологиялық.
2-тарау. Терминдер мен айқындамалар
4. Осы техникалық регламентте тиісті айқындамаларымен бірге мынадай терминдер пайдаланылады: 1) азотты тыңайтқыш - құрамында өсімдіктерге сіңетін нысандағы азоты бар тыңайтқыш; 2) дайындаушы - Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, өз атынан өнім өндіруді немесе өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|