Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығығына 3-қосымша
Осы редакция 2024 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (2021.29.06. берілген өзгерістермен)
1. Осы «Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетi (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) өтініш береді. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымша және (немесе) толықтырудың (бір жолғы лицензия үшін )электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда - тараптардың ниетін растайтын басқа құжаттың көшірмесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|