Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 125 Қаулысымен күші жойылды
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін. 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 3. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін; 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 322 қаулысымен бекітілген
Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|