Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру және қолма-қол ақшасыз төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру және қолма-қол ақшасыз төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Тізбенің 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 11-тармағын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|