Павлодар қаласында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 1514/6 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 - бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 - бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 - бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, Павлодар қаласының ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін. 2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы «Павлодар қаласында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 238/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6268 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 2395/7 қаулысына қосымша
Павлодар қаласының ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|