Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 7-бабының 1-тармағының 70-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күні өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 762 бұйрығымен бекітілген
Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярлары әзірлеу және келісу ережесі (бұдан әрі - Ереже) дәрілік формулярларды әзірлеудің бірыңғай тәртібін анықтау, қалыптастыру және құрастырудың өлшемдерін айқындау, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісу және Қазақстан Республикасында Ұлттық дәрілік саясатты ендіруді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. 2. Осы Ереже мынадай міндеттерді шешуге бағытталған: 1) дәрілік заттарды ұтымды іріктеудің тәртібін регламенттеу; 2) дәрілік формулярларға препараттарды енгізу (алып тастау) принциптерін белгілеу; 3) дәрілік заттарды сатып алудың тиісті практикасын енгізу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|