2018-2020 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы (2018.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/173 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3497 болып тіркелген) сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2018.03.04. № 14/165 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 15/176 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.13.07. № 17/193 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.07.12. № 20/220 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.25.12. № 21/226 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет осы шешімнің қосымшасына сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 28 693 800,1 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 20 042 310,1 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 119 687 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 993 604 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 4 538 199 мың теңге; 2) шығындар - 28 454 618 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 1 655 679,8 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 1 656 109,8 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 430 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 416 497,7 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 416 497,7 мың теңге, соның ішінде: қарыздар түсімдері - 1 656 109,8 мың теңге; қарыздарды өтеу - 725 226 мың теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|