|
|
|
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - КВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСД №28 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 2. ҚР БМСД № 28 қаулысының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Мажарстан, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы және Молдова Республикасы азаматтарының вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын.»; 3. ҚР БМСД №28 қаулысына 1-қосымшада мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 55-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) вакцинациядан кейінгі ауыр асқынулар (анафилактикалық шок, ауыр жайылған аллергиялық реакциялар, құрысу синдромы, 40°С-тан жоғары температура);»; 68-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «68. Вакцинаны енгізуге қарсы көрсетілімдер: 1) вакцинаның қандай да бір компонентіне (белсенді заттарға, қосымша заттарға) аллергия немесе осы вакцинаны алдыңғы енгізуге аллергиялық реакциялар; 2) ауыр созылмалы аурулар немесе анамнездегі аса жоғары сезімталдық; 3) жоғары температура немесе вакцинаны бұлшықет ішіне енгізген кезде пайда болуы мүмкін қан кету тәуекеліне байланысты аурудың жіті фазасы; 4) жүктілік және лактация кезеңі; 5) 18-ге дейінгі жас.»; 113-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «КВИ-ға қарсы вакцинациялауды жүргізу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарында және тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтарында осы Әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымшадағы нысанға сәйкес «eGov mobile» мобильдік қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде электрондық «Вакцинация паспорты» қалыптастырылады.». 5-қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 4. ҚР БМСД № 28 қаулысына 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 30 қаулысына 1-қосымша
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 30 қаулысына 2-қосымша
Мажарстанның КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Таиландтың КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Моңғолияның КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Грузияның КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Қырғыз Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Молдова Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Согласовано 01.07.2021 10:30 Азимбаева Нуршай Юсунтаевна 01.07.2021 10:43 Естекова Гульмира Абдигалиевна 01.07.2021 10:48 Ерубаев Нуртуган Жаканович 01.07.2021 11:47 Садвакасов Н. О. ((и.о Ахметова З. Д.)) 01.07.2021 14:24 Есмагамбетова Айжан Серикбаевна 01.07.2021 14:28 Есенбаев Бейбут Салымович Подписано 01.07.2021 15:05 Киясов Ерлан Ансаганович
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |