Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 55/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын ашық деректерінің тізбесі бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректерінің тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16201 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 239/НҚ бұйрығының күші жойылсын. 3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті бекітілген заңнамаға сәйкес: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 302/НҚ бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|